10.07.2024, 20:21
Оқиғалар
СҚО-да өзен арнасынан екі жасөспірімнің денесі табылды
Екі баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр
Фото: depositphotos.com
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында екі жасөспірімнің денесі өзен арнасынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін Бескөл ауылының маңында, Есіл өзенінің арнасында болған.
«2009 және 2012 жылы туған екі баланы іздеуге облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы, 3 техника және ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат жұмылдырылды. Нәтижесінде сағат 14.40 минут кеткенде жасөспірімдердің денесі табылып, судан шығарылды», - делінген ақпаратта.
Екі баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды