10.07.2024, 02:00
Оқиғалар
Елордада автобус жүргізушісінің бетіне бұрыш шашқан ер адам қамауға алынды
Оның көлігі коммуналдық тұраққа қойылды
Фото: depositphotos.com
Астанада 9 шілдеде қоғамдық көлік жүргізушісінің бетіне бұрыш шашқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, маршруттық автобус пен «Kia» автокөлігінің жүргізушілері арасындағы дүрдараздық күндіз Қалдаяқов көшесінде болған.
«Жеңіл көлік аялдама алаңына бұрылып бара жатқан автобустың алдын кеседі. Содан кейін жеңіл көліктің рөліндегі адам автобусқа кіріп, қол баллонынан жүргізушінің бетіне бұрыш шашқан. Іле-шала ол оқиға орнынан ізін суытады»,- делінген хабарламада.
Іздестіру іс-шаралары барысында 37 жастағы «Kia» жүргізушісі ұсталып, оның көлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды