22.10.2019, 10:54
Оқиғалар
СҚО-да көктайғақ салдарынан болған жол апатынан анасы мен қызы көз жұмды
Солтүстік Қазақстанда 9 жасар қыз бен оның анасы екі көліктің соқтығысуы кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы
Фото: ашық дереккөзден
Тайғақ жолда көлікті басқара алмаған Mercedes жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Газельмен» соқтығысқан. Салдарынан жеңіл автокөлік екіге бөлініп, он метрдей жерге ұшып кеткен. Апаттан зардап шеккен анасы мен қызы аудандық ауруханада қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасынан тағы төрт адам зардап шекті: жеңіл көлік жүргізушісі және «Газель» жолаушыларының бірі қазір дәрігерлердің бақылауында. Шағын автобустың тағы бір жолаушысы мен оның жүргізушісіне медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген.
Оқиғаның егжей-тегжейін полицейлер анықтап жатыр.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 08:55
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте – жаңбыр, оңтүстікте – 33 градус ыстық
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)