03.07.2024, 11:25
Оқиғалар
Балық аулауға кеткен: Астанада екі балаға іздеу жарияланды
Олар 11 және 13 жаста
Фото: ОО Волонтеры Астаны LIDER.KZ
Астанада 11 және 13 жастағы ұл мен қыз 2 шілдеде үйден кетіп, қайтып оралмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«13 жасар Малика мен 11 жасар Ибрагим 2 шілдеде Қараменде би Шақаұлы көшесіндегі 3/2 үйден шықты. Балалар балық аулауға кетті, бірақ оралмады», - делінген ақпаратта.
Қазір оларды полиция мен еріктілер іздеп жатыр.
Жоғалған қыздың бойы 160 см, қара қоңыр ұзын шашы бар, қара қалпақшасы бар, сұр жемпір киген.
Баланың белгілері: бойы 110 см, маңдайында тыртық бар, көзі қоңыр түсті. Жоғалған күні оның үстінде көк куртка болды. Балалар өздерімен бірге көрпе алған.
Кез келген ақпаратты полицияға хабарлауды сұраймыз.
Көп оқылған
12.09.2026, 08:54
Тоқ соқты ма, әлде инсульт па: Атырау облысында медпункт күзетшісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
12.09.2026, 20:18
Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті (ВИДЕО)
12.09.2026, 07:26
Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады