Қырғызстаннан ауырған мал еті тасымалданып жатқаны рас па: АШМ түсініктеме берді

Azattyq Rýhy

Әлеуметтік желіде көрші елден құтыру жұқтырған еттің тасымалы туралы жалған ақпарат таралды

Қырғызстаннан ауырған мал еті тасымалданып жатқаны рас па: АШМ түсініктеме берді
Фото: istockphoto.com

WhatsApp-та Қазақстанға Қырғызстаннан құтырумен ауырған малдың еті әкелінді деген аудио хабарлама таралуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2011 жылғы 19 қазанда енгізілген шектеулерге сәйкес, Қырғыз Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы мал етін, сиыр, қой, шошқа етін әкелу жүзеге асырылмайды. Егер ет контрабандалық жолмен әкелінсе, шекарада бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданады», - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жамбыл облысында, Қырғызстанмен шекарада төрт ветеринариялық-бақылау бекеті жұмыс істейді: Қарасу, Қордай, Сыпатай Батыр және Айша-бибі, онда ветеринариялық инспекторлар бақылаудағы тауарларды әкелу, әкету және транзит кезінде құжаттамалық, физикалық және зертханалық бақылау жүргізеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.