Қуандық Бишімбаев қашан және қай түрмеге түсетіні заң бойынша ешкімге айтылмайды - адвокат Лейла Рамазанова

Аягөз Құрмаш

Ол әлі де Бишімбаевтың қорғаушысы

Қуандық Бишімбаев қашан және қай түрмеге түсетіні заң бойынша ешкімге айтылмайды - адвокат Лейла Рамазанова
фото: видеодан скриншот

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова экс-министрдің қамау изоляторында камераласымен төбелесіп қалды деген ақпаратқа қатысты Azattyq Rýhy тілшісіне комментарий берді. 

«Бұл ақпараттың дереккөзі кім екенін болжап отырмын. Бірақ шатасуым мүмкін. Ақпаратты ең бірінші жариялаған адамдардың бірі Ереке деген адам. Ол -  Egov.press арнасының модераторы. Осындай мәтінді жариялаған ол. Қазір төбелес кезінде пышақ жарақаты болғаны жайлы ақпарат жайлы ешқандай сілтеме  жоқ. Бұл ақпараттар түскен дейін тарауын тоқтатты. Сәйкесінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жәбірленуші тарап оны (Бишімбаевтың-авт.) импульсивті, қызуқанды етіп көрсетуге тырысқанымен, бұл жағдайда ақпарат шындыққа сай емес», - дейді Рамазанова.

Адвокаттың айтуынша, аппеляциялық шешімнің соңғы қорытындысы шыққаннан кейін жаза өз күшіне енеді.

«26 маусымда шешім  күшіне енді. Менің ақпаратым бойынша, қазір ол 66-шы тергеу изоляторында отыр. Мекемелер қауіпсіздік жағдайында қашан, қай түрмеге жіберілетінін ешқашан жарияламайды. Біз әлі де өз қызметімізді аяқтаған жоқпыз. Мен қазір біздің әрекетіміз қандай болатынын айта алмаймын. Бірақ біз барлығымыз әлі де оның қорғаушылары саналамыз», - дейді адвокат.

Еске салсақ, бүгін Бишімбаев изоляторда бірге отырған камераласымен сөзге келіп, оны жаралады деген ақпарат тараған болатын. Алайда ҚАЖК бұл ақпаратты жоққа шығарды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.