$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2024, 07:44
Оқиғалар

Түркістан облысында аптап ыстықтан асфальттағы бетон плиталар көтеріліп кетті

Жолда көлік қозғалысы тоқтаған жоқ

Түркістан облысында аптап ыстықтан асфальттағы бетон плиталар көтеріліп кетті
Фото: Көлік министрлігі

Күн райының 45 градусқа көтерілуінен республикалық маңызы бар М-32 «РФ (Самара) - Шымкент» автожолының 2155 шақырымында цемент-бетон плиталар көтеріліп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Түркістан бағытында болды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Қанат Жолтаевтың айтуынша, жолдың бұзылған бөлігіндегі ақауларды жою және көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстарына 4 техника мен 10 адам жұмылдырылды. 

«2155 шақырымда көтерілген бетон плиталар бойынша «KAZHservice» ЖШС арқылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Керекті жол белгілерінің барлығы орнатылды. Кеше асфальт салынды. Жалпы, жолда көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Бір тәулік ішінде жұмыстар толығымен аяқталды. Көліктер тоқтаусыз жүріп жатыр. Қателеспесем, өңірде күн райы 45 градустан жоғары болды», - деді Қанат Жолтаев.

Серіктес жаңалықтары