29.06.2024, 21:34
Оқиғалар
БҚО-да ер адамды көлік қағып кетті
Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған
БҚО-да ер адам көлік дөңгелегінің астына түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мой город сайтына сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 29 маусымда сағат 03:26-да Бөрлі ауданының Ақсай қаласында «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі «Гүлдер галереясы» дүкенінің алдында, Теміржол көшесімен келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтпек болған. ЖКО нәтижесінде ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде», — деп түсіндірді ведомство.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
