Он бір жылдан бері іздеуде жүрген азамат Қырғызстаннан елге жеткізілді
Тергеу амалдары басталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У» азаматы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деп күдіктелуде.
Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.
«Биыл 14 маусымда Бішкек қаласында «У» азаматы ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады. Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «У» азаматы Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Антикор.