28.06.2024, 14:45
Оқиғалар
Үндістанда әуежайдың шатыры құлап, адам қаза тапты
Аэропортта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Дели аэропортының шатыры қатты жауыннан кейін опырылып құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC – ге сілтеме жасай отырып.
Апат салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды. Желіде жариялаған видеода көргеніміздей, алып шатыр 1-терминалдың жанында тұрған автомобильдерді басып қалған. Қазір 1-терминалдың бүкіл әуе рейстері тоқтатылған, жолаушыларды тіркеу орындары жұмыс істемейді. Аэропортта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Әлеуметтік желіде көпшілік терминалдың миллиардтаған рупийге наурыз айында ғана күрделі жөндеуден өткенін айтып, ашуға мінді. Ал билік өкілі құлаған бөліктің ескіргенін айтып, оның биыл емес, 2009 жылы жөнделгенін айтқан.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды