Атырауда шетелдік азамат басына найзағай түсіп, қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Оқиға Миялыда болған

Атырауда шетелдік азамат басына найзағай түсіп, қайтыс болды
Фото: freepik.com

Атырауда шетелдік азаматтың басына найзағай түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол – 1989 жылы туған Өзбекстан азаматы.

«16 маусымда Миялы ауылындағы жеке тұрғын үйге найзағай түскен еді.  Үй өртеніп, сөндірілді, бұған дейін өкілетті органдар өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеген болатын.  Алайда кейін үйдің ішінде адам бар болғаны белгілі болды», - деп хабарлады «Ақ Жайық».

Марқұм Өзбекстан азаматы жаңадан салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде болған.

Тергеу барысында, азаматтың Қазақстанға 28 мамыр 2024 жылы Бейнеу шекара бекеті арқылы кіргендігі, Миялы ауылындағы тұрғынның үйінде уақытша тіркелгендігі анықталды.

Мүрдені қарау кезінде дене жарақаттары анықталған жоқ.

Мүрде сот-медициналық сараптама тағайындау үшін аудандық аурухана жанындағы мүрдеханаға тапсырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.