Қазақстанда тағы 63 адамнан коронавирус анықталды

27 сәуірдің 12:15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда тағы 63 адамнан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 63 адам тіркелді, оның ішінде:

Павлодар облысында - 10,
Батыс Қазақстан облысында - 6,
Жамбыл облысында - 1,
Нұр-Сұлтан қаласында - 31,
Қарағанды облысында - 8,
Шымкент қаласында - 4,
Атырау облысында - 2,
Алматы қаласында 1 адам бар. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 2780 адамға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 529 адам,
Алматы қаласында – 848,
Шымкент қаласында – 171,
Ақмола облысында – 93,
Ақтөбе облысында – 57,
Алматы облысында – 97,
Атырау облысында – 121,
Шығыс Қазақстан облысында – 16,
Жамбыл облысында – 105,
Батыс Қазақстан облысында – 122,
Қарағанды облысында – 128,
Қостанай облысында – 43,
Қызылорда облысында – 179,
Маңғыстау облысында – 27,
Павлодар облысында – 105,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
Түркістан облысында – 109 адам.

Айта кетсек, елімізде COVID-19 вирусынан 682 адам емделіп шықты. Өкінішке қарай, 25 адам қайтыс болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.