СҚО-да ауыл тұрғыны бәкі мен тұтатқыш жұтып қойған

Петропавлдан 400 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға дәрігерлер санитарлық авиация арқылы жеткен

СҚО-да ауыл тұрғыны бәкі мен тұтатқыш жұтып қойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының тұрғыны бәкі мен тұтатқыш (зажигалка) жұтып қойған. Дәрігерлер оның асқазанына шұғыл ота жасап, заттарды алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Дәрігелер ауыл тұрғынының оғаш қылығын ауыр күйзеліске түсуімен түсіндірді. Мамандарға оған ота жасау үшін Петропавл қаласынан 400 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға баруға тура келген.

«Қазір сырқаттың жағдайы тұрақты. Ол 1967 жылы туған. Бүгінге дейін еш жерде диспансерлік тіркеуде болмаған. Оған жедел ота жасау мақсатында ауылға жету үшін дәрігерлер санитарлық авиацияның көмегіне жүгінді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.