$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Азаптауды мүлде алып тастау керек»: Бишімбаев пен Байжановтың аппеляциялық соты болып жатыр

Сот отырысы онлайн трансляцияда өтеді 

«Азаптауды мүлде алып тастау керек»: Бишімбаев пен Байжановтың аппеляциялық соты болып жатыр
Фото: скриншот

Бүгін Астанада атышулы қылмыстық істің фигуранттары Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановтың аппеляциялық соты басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «сот үкімді заңсыз шығарды» дейді.

Ол Бишімбаевқа тағылған «Аса қатігелдікпен адам өлтіру» ҚК 99-бабын «Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру» ҚК 106-бабына ауыстырып, жазаны жеңілдетуді сұрады. Ал азаптау бойынша айыпты мүлде алып тастап, оны жаңа құраммен жаңадан қарау керек дейді.

Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне еш қатысы жоғын дәлелдеуге тырысуда.

Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен, қинап өлтіргені үшін 13 мамырда 24 жылға бас бостандығынан айырылған, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.

Серіктес жаңалықтары