26.06.2024, 09:31
Оқиғалар
Атырауда 7 жастағы қызды ескерткіш басып қалды
Отбасы саябаққа серуендеуге шыққан
Фото: t.me/gwonline
Атырауда жеті жастағы қыз баланы ескерткіш басып қалды, деп хабарлайды Azattyq rýhy.
Оқиға кеше Жеңіс саябағында болған. Нөсер жаңбыр кезінде ҰОС ардагерінің ескерткіші жеті жастағы қыздың үстіне құлаған.
«Бала алған жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасының реанимациясында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Полиция төтенше жағдай туралы түсініктеме берді
Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бейресми мәліметтер бойынша, отбасы жаңбырдан ескерткіштің артына тығылған.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты