Алматыда «IQ-Ala jastary» жобасы өтті

Azattyq Rýhy

Жоба қаламыздағы өнерге бет бұрған барша белсенді жастың басын қосты

Алматыда «IQ-Ala jastary» жобасы өтті
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Алматы қаласында өнерлі және белсенді жастар арасында ең ауқымды интелектуалды сайыс «IQ-Ala jastary» жобасының екінші турнирі «ACTIVE CUP» өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоба қаламыздағы өнерге бет бұрған барша белсенді жастың басын қосты.

«ACTIVE CUP» турнирінде жалпы 20 команда қатысты. Сайыс барысында түрлі тақырыптан Kahoot форматында сұрақтар қойылды.

Жобаны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жастар Рухы» Жастар Қанаты және «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Жобаның басты мақсаты - жалынды жастардың ой-өрісін кеңейту, экологиялық және мәдени сұрақтарға жауап беру арқылы логикалық тұрғыда креативті ойлау қабілеттерін дамыту.

Іс-шара барысында Алматы қаласының Мәслихат депутаты Есматов Серік құттықтау сөзін сөйледі. Ол жастардың интеллектін арттыру мақсатында түрлі әдіс тәсілдерімен бөлісті.

«Aqyl Battle» жобасының авторы, Thousand IT компаниясының басшысы Құлатай Айболат өз сөзінде:

«Қазіргі ақпарттық заманда білім бәйгесіне алтын уақыттарыңызды бөліп атсалысып отқандарыңызға көп көп рақмет! Осындай интеллектуалы сайыстар арқылы біз өз білімімізді шыңдап ортамызды көбейте аламыз. Ойын жоғары деңгейде өтті. Барлығы әділ, бақылауда болды» – деп түйіндеді.

Жүлделі орындарды жеңіп алған командаларға кубок пен диплом және имидждік өнімдер сыйға берілді. Ал қатысқан әр қатысушыға алғыс хат табысталды.

Ескерте кетейік, «IQ-ALA jastary» жобасының басты жүлде қоры 1.000.000 тг құрайды. Бұл жоба қала жастарының белсенділерін қамти отырып, үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.