25.06.2024, 10:40
Оқиғалар
Астанада көшеде қансырап жатқан жігіт елді шошытты
Полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: видеодан скриншот
Астанада Иманов көшесіндегі ойын-сауық мекемесінің жанынан қансырап жатқан жігіт табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында болғаны анықталды. Жігіт пышақ жарақатын алған, көшеде қансырап жатқан күйінде табылды.
Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамды анықтады», - деп жауап берді Астана ПД.
Тергеу мүдделері үшін қосымша ақпарат таратылмайды.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
