Алматыда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 65 қазақстандыққа айыппұл салынды

Azattyq Rýhy

Заңнаманы өрескел бұзған 51 шетелдік азамат анықталды

Алматыда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 65 қазақстандыққа айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Алматыда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 65 қазақстандыққа айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, жұмысқа шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібіне қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар оны елемей, сол арқылы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзып отыр.

«Заңсыз жүргендерді анықтау және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру арналарының жолын кесу бойынша жергілікті рейдтер жүргізілуде. Алматы қаласының полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында нысанның бірінде қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген 51 шетелдікті анықтады. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, ПД-ның қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Нысанның басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.