ҚТЖ филиалдары станциялық жолдарды заңсыз жалға берген

Azattyq Rýhy

Салдарынан 4 миллиард теңгеге жуық ақша төленбеген

ҚТЖ филиалдары станциялық жолдарды заңсыз жалға берген
Фото: ҚТЖ

Прокуратура ҚТЖ-ның вокзал жолдарын заңсыз жалға беру әрекетін анықтап, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тексеріс барысында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде негізсіз артықшылық беру фактілері анықталды. Осылайша, теміржол операторы 3 жыл бойы «Востокмашзавод» АҚ-ға мүліктік жалға беруге болмайтын станциялық жолдарды уақытша меншікке берген. Бұл заңсыз әрекет жалға алушыларға 4 миллиард теңгеге жуық бос тұрған вагондар үшін міндетті төлемдерді төлемей, сытылып кетуге жол берген», - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының соттарына жалға беру шарттарын бұзу туралы талап арыздар берді.

Қазіргі уақытта қадағалау органының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.