19.06.2024, 17:27
Оқиғалар
Қостанайда алименттен қашқан 165 әке жазаланды
33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Қостанайда 30-дан астам қасақана борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облысының прокуратурасы тұрақты жалақысы жоқ 130 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетті.
Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты қатаң ықпал ету шаралары қабылдануда. Мәселен, 165 адам әкімшілік жазаға тартылды, 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталды.
«Кешенді шаралар қабылдау 181 баланың алдындағы алимент бойынша берешекті 229,3 млн теңге сомасына өтеуге мүмкіндік берді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады», - деп хабарлады прокуратура.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді