19.06.2024, 10:40
Оқиғалар
Алты адам Ақмола мен СҚО-да 350 млн теңгеге жасанды ішімдік сатып келген
Олар анықталып, сотталған
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысы Степногорск қаласының тұрғыны алты адамға басшылық ете отырып, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында суррогат алкоголь сатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Олардың орнын тінту кезінде 20 мыңнан астам дайын өнім бөтелкелері және 100 мыңнан астам бос бөтелке, сондай-ақ спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленген.
«Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асты. Сот үкімімен іс бойынша айыпталушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырған 4,6 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді», - деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігі.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 13:54
Оралда адам өмірін құтқару үшін жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұл төлемейтін болды