Президент Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады

Azattyq Rýhy

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы бүгін 25 жасқа толды

Президент Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен ұлттық әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Мемлекет басшысы спортшыға құттықтау хат жолдаған.

«Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз. Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін. Сізге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін», - делінген құттықтауда.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Е.Рыбакина бүгін 25 жасқа толды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.