«МиниБишімбаев»: Қарағандыда ер адам күйеуі ұрып жатқан әйелді құтқарып қалды (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Ол оқиғаның өрбуін толық видеоға түсірген

Қарағанды тұрғыны түнде күйеуінен жәбір көріп жатқан әйелді құтқарып қалғанын видеоға түсіріп алған, хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, таяқ жеп жатқан әйелдің жан дауысы  ер адамның үйіне дейін естілген. Ол сосын оқиға орнына полиция қызметкерлерімен бірге барған. Әйеліне жәбір көрсетіп тұрған еркек оны үйіне кіргізе алмай тұр. Әйел болса жылап, «мені құтқарыңдар, мені ұрды» деп шағымданып жатыр

Видеоның авторы полиция қызметкерлеріне әйел адам өз-өзіне келгенше кетпеуді немесе учаскеге алып кетуді ұсынады.

Кейін патруль қызметі келіп ерлі-зайыптыларды көлікке отырғызып алып кетеді. Видеоға қатысты пікірлерде авторға ризашылық білдірген.

«Қазір адамдар салқынқанды, ешкімге көмектеспейді. Автор сізге немқұрайлы қарамағаныңыз үшін, істің соңына дейін апарғаныңыз үшін алғыс. Бір үлкен трагедияның алдын алған шығарсыз»,- деп жазған. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.