$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2024, 15:35
Оқиғалар

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік ұсталды

Оның бірі елден шығарылды

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде елордалық полиция көші- қон заңнамасын бұзған екі шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Операция барысында Есіл ауданының көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік екі азаматты анықтады. Олардың бірі Қазақстанда болу мерзімінен асып кеткен. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 5 жыл мерзімге елден шығарылды. Екіншісіне қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ПД.

Жедел шара басталғалы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 256 шетел азаматы мен 42 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.

42 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Құрылыс алаңдары, мейрамханалар, дәмханалар, базарлар мен сауда орталықтарын тексеру жалғасуда.

 

Серіктес жаңалықтары