$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.06.2024, 23:58
Оқиғалар

Жаңаөзенде үш айлық нәрестесі бар отбасы жылқының кесірінен жол апатынан зардап шекті

Жылқының иесі әлі табылмаған

Жаңаөзенде үш айлық нәрестесі бар отбасы жылқының кесірінен жол апатынан зардап шекті
Зардап шеккендер ұсынған фото

Жол-көлік оқиғасы 13 маусым күні түнде «Рахат-4» шағын ауданында болған. Зардап шеккендер полициядан жылқының иесін тауып, оны жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға болған сәтте автокөліктің ішінде ер адам, оның әйелі және үш айлық нәресте болған. Әйелдің айтуынша, олар баяу қозғалып келе жатқан кезде кенеттен алдарынан жолға жылқы жүгіріп шыққан. Соқтығысудың алдын алуға мүмкіндік болмаған.

Соққының күшті болғаны соншалық, жануардың ішкі мүшелері сыртқа шығып кеткен. Баланың ми шайқалып, басынан жарақат алған. Жүргізушінің маңдайы жараланып, мұрны сынған. Әйелінің қабақтары зақымдалып, қазір бір көзін аша алмайды.

Полицияда отбасына ауруханадан шыққаннан кейін құқық қорғау органдарына келуі керектігін хабарлаған.

«Біздің баламыз зардап шеккеніне кінәлі жылқының иесін іздеп жүрміз. Жануардың иесін заң бойынша жазалап, ұлыма емделуге кеткен шығынды өтетуі керек. Айтуларынша, жылқылар әлі де сол жерде жүр екен, ертең тағы бір апат болса не болмақ?!» - деп ашынды зардап шеккен әйел.

Серіктес жаңалықтары