13.06.2024, 13:57
Оқиғалар
Елімізге Ресейден жеткізілген қызанақта қауіпті вирус бар
Дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды
Фото: freepik.com
Қазақстанға Ресейден әкелінген қызанақтан вирус табылды. 500 келі болатын бүкіл партия жойылуы керек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті тексеріс жүргізу барысында Ресей Федерациясынан келген 0,5 тонна қызанақ өнімінен карантиндік нысан – қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (ToBRFV) анықталған.
«Дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес, айыппұл салынды. Сақтауда тұрған карантиндік қызанақ өнімі сот қаулысына сәйкес жойылады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы