«Ұрлықтың 7 түрін жасаған»: Талдықорғанда 33 жастағы ер адам ұсталды
Оның жасаған қылмыстарынан келтірілген шығын 2 миллион теңгеден асты
Талдықорғанда бірнеше қылмыс жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
33 жастағы қала тұрғыны бір тонау, бір көлік ұрлау және жеті түрлі ұрлық жасағанын мойындады.
Оның жасаған қылмыстарынан келтірілген жалпы шығын екі миллион теңгеден асты. Тергеу барысында заманауи бейнебақылау технологияларын қолдану шешуші рөл атқарды.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
«Бұл жағдай қылмысқа қарсы күресте заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығы мен құқық қорғау органдарының үйлестірілген іс-қимылдарының жоғары тиімділігін көрсетеді. Бірнеше қылмыс жасаған тұлға тәртіп сақшыларының жедел әрекеті мен бейнебақылауды пайдаланудың нәтижесінде ұсталды, бұл қылмыскердің жеке басын тез және дәл анықтауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ бастығы Ернар Ширбаев.