Байқоңыр ғарыш алаңына бармақ болған Франция азаматы қаза тапты

Azattyq Rýhy

Туристер тыйым салынған аймаққа жаяу баруды шешкен

Байқоңыр ғарыш алаңына бармақ болған Франция азаматы қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның Ресейге жалға берген Байқоңыр ғарыш алаңында оқыс оқиға болды. Бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Францияның екі азаматы Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағының аумағына өтпек болды. Олардың бірі сусызданудан қайтыс болды», – деп жазды ресейлік БАҚ көздері.

Дереккөздің хабарлауынша, Парижден келген екі турист – 27 жастағы Николас Карбон мен 25 жастағы Анджело Алебета Алматыға бірнеше күн бұрын келген. Олар ғарыш айлағы мен «Буранға» барғысы келеді. Сөйтіп, тыйым салынған аймаққа далада жаяу баруды шешкен. Анджелоның мұрнынан бірнеше рет қан кетіп, есінен танып қалған. Николас Самара-Шымкент тас жолына жүгіріп шығып, көмекке шақырған.

«Ол тас жолға жеткенде, көлікті тоқтатқанда, жағдайды түсіндірді. Көмек жеткенше турист сусызданудан мерт болды», –  делінген ақпаратта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.