11.06.2024, 16:25
Оқиғалар
Атырау тұрғыны көлігін сызып кеткен адамды аяусыз соққыға жығып өлтірді (ВИДЕО)
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Атырауда ер адам көлігін сызып кеткен адамды аяусыз соққыға жығып өлтірді. Оқиға «Дина» базарында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнебақылау камерасына ер адамның екінші бір азаматты аяусыз соққыға жыққаны түсіп қалған. Куәгерлердің сөзінше, жәбірленуші ер адам соққыға жыққан күдіктінің көлігін сызып кеткен. Кикілжің содан шыққан.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан», - делінген Атырау облысы ПД берген мәліметте.
Видео: https://t.me/kozachkow/
Көп оқылған
24.06.2026, 17:09
«Аман-есенмін»: алаяқтар танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевты қайтыс болды деп ақпарат таратқан
24.06.2026, 14:49
Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған 15 шетел азаматы ұсталды (ВИДЕО)
24.06.2026, 17:55
Атырау облысында ер адам 90 жастағы әкесін ас-сусыз, аяқ-қолын байлап, қамауда ұстаған
24.06.2026, 09:42
Шымкентте кәмелетке толмаған қызды алып қашқандар ақыры сотталып кетті