$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2024, 15:15
Оқиғалар

Қазақстандағы ірі букмекерлік кеңсе қызметіне тыйым салынды

Заң бұзған мекеме лицензиясынан айырылды

Қазақстандағы ірі букмекерлік кеңсе қызметіне тыйым салынды
Фото: freepik.com

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы сәуірде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ойын бизнесі саласындағы заңнаманы сақтамағаны үшін «Ringobet.kz» букмекерлік кеңсесін лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушының бәсті қабылдау сервері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бойынша болу керек. Кезектен тыс тексеру барысында жоғарыдағы заң талаптарын бұзған бірнеше дерек анықталды. Сонымен қатар букмекерлік кеңсенің қызметі туралы лицензия алған кезде жалған ақпарат берілген», – делінген министрлік хабарламасында. 

Осыған байланысты аталған букмекерлік кеңсе «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 464-бабының 1 және 2-тармақтары бойынша жалпы сомасы 849 мың теңге көлемінде айыппұл негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары