«Таңғы 5-те аулада ойнаған»: Шымкентте 3 жасар бала жоғалып кетті (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Тілі анық шықпаған балақайдың ата-анасын полиция іздеп тапты  

Шымкентте полицейлер жоғалған 3 жасар баланы тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбекші ауданының аумағындағы көпқабатты үй ауласында үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген бүлдіршін туралы хабарды патрульдік полицейлер таңғы сағат 5-те қабылдаған. Шақырту бойынша жедел жеткен тәртіп сақшылары тілі анық шықпаған баланың ата-анасы мен мекенжайын анықтау мақсатында жергілікті тұрғындардан сұрастырып, үйме-үй аралап шықты.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде, жеткіншек әкесіне аман-есен тапсырылды. Бала таң сәрісімен үйдің ашық қалған есігінен көрші аулаға ойнауға шығып кеткен. Оның туыстары полицейлердің қызметіне шын жүректен алғысын айтып, ризашылығын білдірді», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары ата-аналардан балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, оларға мұқият болып, көзден таса қалдырмауды сұрайды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.