Қарағандыда бір жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті
Бұған дейін Балқаш және Қарағанды қалаларында 2 баланың құлағаны хабарланған

Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен соңғы бірнеше күнде үш кішкентай бала құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 10 маусым күні Қарағандыда Ержанов көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің төртінші қабатынан бір жасар қыз құлап кеткенін хабарлады. Нәресте аман, алайда жағдайы тұрақты ауыр.
Бір күн бұрын, 9 маусымда Балқаш қаласында екі жасар бала Мұхамеджанов көшесіндегі бесінші қабаттың терезесінен құлады. Оның жағдайы тұрақты ауыр.
7 маусымда үш жасар бала Қарағандыдағы үшінші қабаттың терезесінен құлады. Апат 11А шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болды. Ол ересектердің қарауынсыз қалған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.