Өзбекстанмен шекарадағы жағдай: ҰҚК қазақстандықтарға хабарлама таратты

Azattyq Rýhy

Шекара қызметі азаматтардан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды 

Өзбекстанмен шекарадағы жағдай: ҰҚК қазақстандықтарға хабарлама таратты
Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының кептелісі неден пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жағдай «Жібек жолы» өткізу пунктінде іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» бақылау-өткізу бекетінде құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуімен байланысты. Сондай-ақ қазақстандық «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекара өткелдерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.

«Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері шаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.