10.06.2024, 10:45
Оқиғалар
Баян Алагөзова сотқа жүгінбек: оны қорлаған кім
Продюсер екі факті бойынша сотқа арызданбақ
Фото: Instagram/advokat_oleg_chernov
Қазақстандық продюсер және тележүргізуші Баян Алагөзова ар-намысы мен абыройын қорғау үшін сотқа жүгіну туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы адвокат Олег Чернов хабарлады.
«Біздің команда Баян Алагөзованың мүдделерін екі іс бойынша қорғайды: қорлау фактісі бойынша және ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау бойынша. Баян заң бойынша әрекет етуге шешім қабылдады», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.
Алагөзова нақты кіммен соттасуға шешім қабылдағаны әлі белгісіз. Комментаторлар бұл продюсердің әлеуметтік жобасын бұрын сынға алған блогер туралы деп болжады.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
