$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аз да болса салмақ қосып, денелері тазарды»: мысық етін жеп келген алты баланың денсаулығы қандай

Қазіргі күні балалармен психолог мамандар жұмыс жүргізіп жатыр

«Аз да болса салмақ қосып, денелері тазарды»: мысық етін жеп келген алты баланың денсаулығы қандай
Фото: Istockphoto

Шымкентте Ұлықбек Сманов есімді емшінің қорлығынан құтылған бүлдіршіндердің қазіргі  жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бөбектер үйіне келгенге дейін балалар Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының №9 қалалық емханасына тіркелген.

«Қазір балалар аз да болса, салмақ қосып, денелері тазарған. Бөбектер үйіне түскен уақытта дер кезінде медициналық тексеруден өтіп, ем-шаралар тағайындалды. Бүгінде түрлі витаминдер ішіп, емдік жаттығулар жасап, массаж алып жатыр. Психолог мамандар қарап жатыр. Бүлдіршіндер «Монтессори» сабағына күнделікті қатысып келеді.  Балалардың жағдайы денсаулығы келген күннен әлдеқайда  жақсы, дені сау», - деп жауап берді Шымкенттің денсаулық басқармасынан.

Еске салайық, Ұлықбек Сманов қамқорлығына алған балалардың ең үлкені 16 жаста болса, кішісі 3 жаста. Өгей әкесі оларға мысықтың еті мен зәрін берген.  Жауыздықтан жапа шеккен ересек екі бала бейімделу орталығына, тағы төртеуі балалар үйіне бағытталған. Ер адамның өзі «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғардың психикалық ауруханасында жатыр. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз: Эксклюзив: Алты балаға мысық сойып берген Сманов Астанадан небары 1 айлық шақалақ қызды асырап алған

Серіктес жаңалықтары