Түркістан облысында шегіртке қаптап кетті (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді 

Түркістан облысында шегіртке қаптап кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының ауылдарының бірінде шегіртке қаптағаны туралы видео тарады. Бұл жағдайға қатысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, Түркістан облысы Арыс ауданы Қожатоғай ауылдық округінде шегірткетектестердің ұшуы орын алды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, шегірткетектестердің таралу ошағы жойылды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Түркістан облысының аумағында шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу аяқталды.

«2024 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша Түркістан облысында марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша 715,18 мың га зерттелді, оның ішінде өңдеуге жататын жер көлемі 260,4 мың га, өңделген аумақ 259,3 мың га немесе болжамды көлемнің 95,5%-ын құрайды. Бүгінгі күні бұл аумақ толығымен өңделді, шегірткетектестердің таралу ошағы жойылды. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің зақымдануы анықталған жоқ», - деді АШМ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.