$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аузы-мұрны қанжоса»: Карина Мамаш дипломат күйеуі ұрып жатқан жантүршігерлік видео жариялады

Видеода Карина Мамаштың мұрнынан қан ағып жатқанын көруге болады 

«Аузы-мұрны қанжоса»: Карина Мамаш дипломат күйеуі ұрып жатқан жантүршігерлік видео жариялады
фото: видеодан скриншот

Дубайдағы бұрынғы дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан сәттегі видео мен күйеуі ұрғаннан кейінгі жағдайының видеосын желіге жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Сәкен Мамаш осыған дейін әйелінің айтқанын жоққа шығарып, әлеуметтік желіде үлгілі отағасы, бақытты жанұя екенін көрсеткісі келіп, біраз видео таратқан болатын. Алайда бүгін Карина Мамаш күйеуінен жәбірленіп, зорлық-зомбылық көрген сәттер бейнеленген видеоны жариялады.

Онда Каринаның бет-аузы көгеріп, мұрнынан қан сауғалаған сәттерін байқауға болады.

«Осы сәтті есте сақтап қалатындай етейік», - деп видео түсірген ол.

Осыған дейін Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаштың туыстары әжесіне хабарласып, қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқанын айтып, мәлімдеме жасаған еді.

Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары