БАӘ-де жұмыс істеген қазақ дипломатының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Темірхан Айжан

Дипломат әйелін ұзақ жылдар бойы ұрып-соққан деген күдікке ілініп отыр

БАӘ-де жұмыс істеген қазақ дипломатының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: @SakenMamash

Қоғамда тағы бір резонанс тудырған зорлық-зомбылық оқиғасы бойынша қылмыстық іс ашылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш күйеуінен аяусыз таяқ жегенін айтып, Қазақстанның билік органдарынан көмек сұраған еді. Көп ұзамай еліміздің сыртқы істер министрлігі бұл іске қатысты реакция танытып, Сәкен Мамашты дереу Қазақстанға қайтарып алатынын хабарлаған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді»,-деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күйеуімнен 10 жыл бойы зорлық көрдім деген Карина Мамаш қазір балаларымен бірге  Астанаға оралды. Ол «Қорғау» дағдарыс орталығында тұрып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.