03.06.2024, 10:04
Оқиғалар
Астанада мас адам жедел-жәрдем дәрігеріне шабуыл жасады
Елордада 25 жастағы мас жігіт дәргерге пышақ ала жүгірген
видеодан скриншот
Астанада ер адам үйіне келген медицина қызметкеріне пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айнықталғандай, әйел адам күйеуінен қорлық көріп, жедел-жәрдемге қоңырау шалған. Дәрігерлер үйдің табалдырығынан аттаған сәтте, ер адам фельдшерді ұстап алып, басқа бөлмеге кіргізіп, тамағына пышақ тақайды. Сол кезде екінші дәрігер полицияға хабарласып үлгіреді.
Полиция бұзақыны ұстап, үстінен әкімшілік іс қозғады.
Дәргерге шабуыл жасаған ер адам 25 жастағы жігіт болып шықты.
Еске салсақ, елордада 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында жедел-жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаудың 9 фактісі тіркелген.
Көп оқылған
25.07.2026, 07:31
Аптап ыстық пен найзағай: 25 шілдеде ауа райы қандай болады?
25.07.2026, 13:08
Қарағандыда Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі шықты
25.07.2026, 17:40
Көкшетауда құтқарушылар үйде қамалып қалған үш жасар баланы құтқарды
25.07.2026, 17:01
Қостанайлық азамат алаяқтарға 20 млн теңгесін бере жаздады
25.07.2026, 06:23
Ұлытау облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды