28.05.2024, 10:36
Оқиғалар
Түркістанда жоғалған бүлдіршін табылды
Оқиға Бәйдібек ауданында болған
Фото: polisia.kz
Түркістан облысында полицей жоғалған бүлдіршінді тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент қаласы және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі Нұрхат Күзенбаев ата-анасының қарауынсыз жүрген бүлдіршінді тауып, отбасына табыстады. Оқиға 24 мамыр күні Бәйдібек ауданында болған.
«Полиция аға сержанты таңғы уақытта күндізгі кезекшілікке бара жатып, балабақшалардың бірінің алдында ересектердің қарауынсыз жүрген баланы байқап, тез арада аудандық полиция бөліміне хабар берген. Іздестіру шараларынан соң бүлдіршіннің анасы табылды», - делінген хабарламада.
Әйел полиция қызметкерлеріне дереу әрекет етіп, көмек көрсеткені үшін өз ризашылығын білдірді.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 13:54
Оралда адам өмірін құтқару үшін жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұл төлемейтін болды