$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстанда 7 миллион теңгені қалтасына басқан әкімдік қызметкері ұсталды

Ол жазаға тартылды

Батыс Қазақстанда 7 миллион теңгені қалтасына басқан әкімдік қызметкері ұсталды
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады. Әкімдік есепшісі 3 жыл бойы өзіне артық соманы аудары отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғысы 3 жыл бойы өзіне артық соманы аударғаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.

Есепші Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру) бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушының жас баласын ескере отырып, жаза мерзімі 2 жылға, яғни, 14 жасқа толғанға дейін шегерілді. 

Сот актісі заңды күшіне енді.  

Серіктес жаңалықтары