27.05.2024, 21:51
Оқиғалар
Петропавлда кемпірімен жанжалдасып үйін жарып жіберген қария қайтыс болды
Жарылыс кезінде қария қашып барып қораға тығылған
Бейнеден кадр
Петропавлда кемпірімен жалжалдасып үйін жарып жіберген қария қайтыс болды. 95 жастағы зейнеткердің денесін жалын шарпып, 60 пайызы күйіп қалған еді. Бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан науқас есін жимастан бақилық болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.
Ақылынан алжаса бастаған қария кемпірін соққыға жығып, өз үйінде газ баллонын жарып жіберген. 95 жастағы зейнеткер бақшасына өзі картоп салып, оны ұмытып қалыпты. Сол үшін жанжал шығарып, баспанасын өртеп жіберген. Тілсіз жаудан газ баллоны жарылып, шаңырағы күлге айналды. Жарылыс кезінде қария қашып барып қораға тығылған. Бірақ жалын денесінің алпыз пайызын шарпып, тыныс жолдары да күйіп қалыпты.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді