27.05.2024, 18:00
Оқиғалар
Алматы облысында туристер мінген автобус аударылды: жүргізуші қамауға алынды
Апатқа ұшыраған автобуста барлығы 37 жолаушы болған
Фото: Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысындағы тас жолда аударылып қалған туристер мінген автобус жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияның хабарлауынша, көлік құралын басқарған жүргізуші жол-көлік оқиғасына дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұл үшін енді жазаға тартылады.
«Сонымен бірге, автокөлікті басқаруды көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамға бергені үшін жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне ақшалай айыппұл салынады», - деді полиция.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жалаңаш-Көлсай автожолымен жүріп, рульді басқара алмай, аударылып кетті. Автобуста 37 адам болған.
ЖКО салдарынан 25 адам зардап шекті.
Көп оқылған
10.04.2026, 15:38
Алматы облысында 15 жастағы қыз баланы 8 ер адам екі ай бойы зорлаған: екі күдікті ұсталды
10.04.2026, 17:30
«Тапқанымыздан жоғалтқанымыз көп»: Ақан Оңғарұлы археология саласының біз білмейтін қырлары туралы айтты
10.04.2026, 10:48
Қызылорда облысының тұрғыны бір түйе үшін бес жылға сотталып кетті
10.04.2026, 13:59
Тоқаев өлген адамның ағзасын 24 сағат бойы «тірі» ұстап тұратын құрылғы бар екенін айтты
10.04.2026, 13:12
«Әдейі ерте айтып отырмын»: Тоқаев Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін хабарлады
10.04.2026, 11:30
Қазақстанда алдағы демалыс күндері қар жауады