21.05.2024, 20:50
Оқиғалар
Астанада 7 сынып оқушысы 5 жасар баланы аман алып қалды
Бүлдіршін балконның сыртқы жағында ілініп тұрған
Видеодан алынған кадр
Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясының 7 ”Д”сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілініп тұрған баланы байқап қалған.
Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.
«Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
