$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2019, 12:51
Оқиғалар

Алматыда «сақалды» жігіт автобус жүргізушісіне газ шашқан

Автобус жүргізушісіне екі адам жабылған

Алматыда «сақалды» жігіт автобус жүргізушісіне газ шашқан

Алматыда жеңіл автокөлік жүргізушісі автобус жүргізушісіне күш көрсетіп, бетіне газ баллонын шашып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, №22 бағытта қатынайтын автобус пен жеңіл автокөлік жолға таласып, соңы төбелеске ұласқан. Автобус жүргізушісіне екі адам жабылыпты.

«Жеңіл көлік автобустың оң жағынан шығып, оны қысып өтті. Екі тарап алдымен бірін-бірі балағаттады. Кейін жеңіл көлікте болған екі жігіт автобусты келесі аялдамадан күтіп алып, жүргізушісін жабылып ұрды. Соңында бетіне газ баллонды екі рет шашты. Жұрт оларды әзер ажыратты», - дейді төбелеске куә болған Бақытжан Жұматаев.

Куәгерлер төбелесті тоқтатқаннан кейін жеңіл автокөлікте болған екі жігітті полицияға тапсырыпты.

«Сақалды ер адам автобус жүргізушісіне газ шашты. Олар өздері алдымен автобусты қысып кетті, ол аздай жүргізушісіне күш көрсетті», - дейді тағы бір куәгер.

№22 бағытта жүретін автобус «Бату travel» ЖШС автопаркіне тиесілі. Алматы мен оған жақын маңдағы елдімекендерге жолаушы тасымалдайды. Автопарк басшылары оқиғаны растағанымен, ақпарат бере алмайтындарын айтып отыр. Ал, Алматы қалалық Полиция департаменті болған оқиғаны растады.

«20 қазан күні №22 бағыттың автобус жүргізушісі мен «Toyota Yaris» көлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындады. Полицияны куәгерлер шақырған. Жол патрульдік полициясы қос тарапты да Наурызбай аудандық полиция бөлімшесіне жеткізді. Екі жақтың адамдары да полицияға бір-біріне шағымдары жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартты. Газ баллонын қолдану фактісін жоққа шығарды», - делінген Алматы қаласы ПД берген ақпаратта.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары