Көршісінің әжетханасына құлап, қаза тапқан 3 жасар Асылым жерленді

Аягөз Құрмаш

Оқиға Түркістан облысында болған

Көршісінің әжетханасына құлап, қаза тапқан 3 жасар Асылым жерленді
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен бүлдіршіннің мәйіті табылған еді. Ауыл халқы 3 жасар Асылымды жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қияметтің күнінде жастайынан шетінеген перзент өзінің ата-анасына шапағатшы, «менің ата-анам қайда?» деп жәннаттан сұрап тұрады дейді», - дейді бүлдіршіннің жаназасын оқыған имам.

Жерлеуге қатысқандар қарасы көп. Жерлеу рәсімін Батыр блогер өз парақшасына жүктеген.

Еске салсақ, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында үш жасар қыздың 16 мамырда жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ата-анасысының айтуынша, үй тірлігімен жүргенде таңғы сағат 9:00 шамасында бүлдіршін есік алдындағы қақпа алдында ойнап жүрген. Содан кейін бала із-түзсіз жоғалып кеткен.

Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында баланың денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған. Кішкентай қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмады.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.