18.05.2024, 07:18
Оқиғалар
Қонаев қаласында пәтерден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды
Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Фото: istockphoto.com
Қонаев қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтерлердің бірінде 14 ш.м. алаңда өрт орын алды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт 26 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД құтқарушылары баспалдақпен 25 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады.
Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
«Өрт орын алған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз!», - деп ескертеді төтеншеліктер
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
