Талдықорғанда 11-сынып оқушысы 16-қабаттан секіріп, қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр

Талдықорғанда 11-сынып оқушысы 16-қабаттан секіріп, қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

Талдықорғанда 11-сынып оқушысы 16-қабаттан секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 16 мамыр күні кешкі жеті шамасында, Болашақ шағынауданында болған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, марқұм қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде оқыған.

«Сабақ үлгерімі жақсы, мінезі тұйық, сыныптастарынан оқшауланып жүретін, мектепішілік есепке алынбаған. 21 мамыр күніне ҰБТ тапсыруға тіркелген. Әлеуметтік жағдайы орташа, көпбалалы отбасы, отбасындағы 4-ші бала. Сабаққа келмеген күндеріне денсаулығына байланысты анықтама әкелетінін ескерткен», - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.