16.05.2024, 16:00
Оқиғалар
Тик-Ток жұлдызы Мұрат Әбділдә әзірге бостандыққа шықпайды
Блогер 2022 жылы сотталған
Фото: t.me/otyrarkz
Судья Талғат Қахаров Мұрат Әбділдәнің бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады. Сотталушы істеген қылығына өкінетінін, қазір тәртібінің түзелгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мен сізден жаза шарттарын ауыстыруыңызды сұраймын. Мен бәрін түсіндім, бәрінен кешірім сұраймын. Енді қайталамаймын. Жұмыс істеп, дұрыс өмір сүремін. Жаза шарттарын айыппұлға ауыстыруыңызды өтінемін. Бүкіл айыппұлды төлеймін», - деді ол.

Прокурор соттан Әбділдәның өтінішін қанағаттандырмауды сұрады.
Еске салсақ, 2022 жылы желі жұлдызы Мұрат Әбділдә әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырды деген айыппен 4,5 жылға сотталған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды