$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқалдарға чемодан сататын кәсіпкер жарнамасын әкімдікпен келіспеген

Редакция «тоқалға чемодан ал» деп жарнама берген кәсіпкерге қатысты Алматы қаласының әкімдігіне хабарласып көрді

Тоқалдарға чемодан сататын кәсіпкер жарнамасын әкімдікпен келіспеген
Фото: скриншот

Әкімдік кәсіпкердің Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасымен келіспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Көрсетілген мекен-жай бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жарнаманы орналастыру туралы хабарлама келмеген. Яғни жарнаманы орналастыру кезінде басқармадан келісім алмаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде әкімшілікке ҚР жарнама туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы ұсыныс беріледі», - делінген хабарламада.

Бүгін Алматыдағы сауда орталықтарындағы бутиктердің бірі «тоқалдарға арналған чемодан» сатып жатқанын жазған едік. Журналист Дана Орманбаева жариялаған видеода көрінгендей, сауда нүктесі жарнамасына әлемге әйгілі қуыршақтың суретін пайдаланып, үлкен әріптермен жерге және бутиктің қабырғасына «тоқалға чемодан ал» деген жазу жазған.

Серіктес жаңалықтары